UNHCR logo
UNHCR logo
  • Іздеу
  • Қазақстан
  • Мәзір

Осы бөлім үшін тілді таңдаңыз:

English Қазақша Русский

Ғаламдық сайтымыз үшін тілді таңдаңыз:

English Français Español عربي
Ел сайтын таңдаңыз:

Бөлісу

Facebook X
  • БІЗ ТУРАЛЫ
    • Жалпы ақпарат
    • Біздің серіктестеріміз
    • Бізбен байланыс
  • БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
    • Қазақстандағы UNHCR
  • ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ОҚИҒАЛАР
    • Жаңалықтар мен Оқиғалар
    • Баспасөз мәлімдемелер
  • РЕСУРСТАР
    • Анықтамалық ақпарат
    • Босқындар
    • Азаматсыздық
    • UNHCR-дің негізгі терминдері
  • БАСТЫ оқиғалар
    • Дүниежүзілік босқындар күні
    • Алматылық процесс жайында
Search UNHCR
Іздеуді жабу
 
  • Басты бет

Спорт – жай ғана ойын емес: ол босқындар мен қауымдастықтарды біріктіретін көпір

Бейбітшілікте бірге өмір сүрудің халықаралық күні қарсаңында Қазақстанда босқындар, пана іздеушілер және қабылдаушы қауымдастық футбол ойнауға, бір-бірімен достасуға және инклюзивті қоғамды тойлауға жиналды.

Автор Айя Сияз, Сыртқы байланыстар  |  30 May 2025

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

Спорт әрдайым шекаралардан, мәдениеттер мен тілдерден асып түсетін әмбебап тіл болды. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адамдарды біріктіріп, көптеген адамдар үшін тек ойын емес – құмарлықты, өзін-өзі таныту мен байланысудың ерекше тәсіліне айналды. 

Фарух , DAFI бағдарламасы бойынша Қазақстанда стоматология мамандығына оқитын жас босқын  – қатысушылардың бірі. 

«Мен футболды бала кезімнен жақсы көремін», – дейді Фарух. «Бұл жай ғана хобби емес, бұл менің кім екенімнің бір бөлігі, өзімді білдірудің және шынайы қуаныш табудың жолы». 

Қазақстанда 120-дан астам этнос өкілдері өзара сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ мұнда 2025 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 646 босқын мен пана іздеуші тұрады. Олар жергілікті тілдерде сөйлейді, азаматтармен туыстық байланыста болады және мәдениет пен күнделікті өмірге араласып, қоғамдастықтармен үйлесімді өмір сүреді. 

Бейбітшілікте бірге өмір сүрудің халықаралық күні қарсаңында босқындар, пана іздеушілер мен жергілікті қауымдастықтар ынтымақтастық, бірлік пен үмітті ұлықтаған екінші «Бейбітшілік ойындары» футбол турнирінде бас қосты.  

«Бұл турнир «Бейбітшілік ойындары» деп аталады және ең алдымен барлық елдер мен халықтарды біріктіреді», – дейді Фарух. «Барлығы бір топ болып, бірлік пен достықта ойнау үшін жиналады». 

Қазақстан футбол федерациясы, UNHCR, БҰҰ–ның Босқындар істері жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Ұлттық қоғамы және УЕФА-ның босқындар гранты бағдарламасының қолдауымен өткен бұл шара спорттың қоғамды біріктірудегі қуатты құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Алты команда тек жеңіс үшін емес, ортақ мақсат жолында күш сынасты. «Бейбітшілік ойындары» спорттың адамдарды жақындастырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастық көпірін құра алатынын тағы бір мәрте көрсетті. 

J36A4270

Қазақстандағы екінші «Бейбітшілік ойындары» футбол турнирінің «Үздік қорғаушысы» Фарух пен Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік және тұрақты даму жөніндегі офицері Чингиз.

J36A4228

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3694

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A4178

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3915 (2)

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3893

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A4483

Қазақстандағы алғашқы «Бейбітшілік ойындары» футбол турнирінің жеңімпаздары.

J36A4520

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3649

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3658

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3660

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A3572

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

J36A4375

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

«Алаңдағы сезімдерді – адреналиннен бастап командаңа деген шынайы жанкештілікке дейін – камерамен де, сөзбен де толық жеткізу мүмкін емес», – дейді Фарух. «Мен әркімнің осы сезімді бастан кешіргенін қалаймын: бәсекелестіктің қызуы, толқу және ойынның шынайы қуанышы». 

«Мен әркімнің осы сезімді бастан кешіргенін қалаймын: бәсекелестіктің қызуы, толқу және ойынның шынайы қуанышы».

Орталық Азияда көктемнің, жаңарудың және жаңа бастамалардың символы саналатын Наурыз мейрамы аясында өткен турнир алғаш рет ұйымдастырылған «Бейбітшілік ойындарының» үлгісінде өтті. 

Турнирмен қатар төрешілер мен жаттықтырушыларды даярлау курстары да ұйымдастырылды. Ол курстарға он үш босқын, оның ішінде екі әйел қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Бұл бастамалар спорт арқылы ұзақ мерзімді ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, қатысушыларды маңызды дағдылар мен біліммен қамтамасыз етті. 

© Kazakhstan Football Federation / Alikhan Sariyev

Бүгінде әлем мәжбүрлі қоныс аударудың өсуімен бетпе-бет келіп отыр. Осындай кезеңде «Бейбітшілік ойындары» секілді бастамалар футбол сияқты қарапайым ойынның өзі адамдарды біріктіріп, кедергілерді жойып, достық пен бейбіт өмірге жол ашатынын айқын көрсетеді. 

UNHCR Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, босқындар мен пана іздеушілердің жай ғана қауіпсіз панамен шектелмей, қоғамда өз орнын тауып, толыққанды өмір сүріп, дамуына мүмкіндік жасауға қолдауын жалғастырып келеді. 

Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу

 

Сондай-ақ қараңыз

Интеграцияланған, бірақ әлі де Қазақстанда инклюзивтікті іздеуде

«Енді менде үміт бар»

Тіл: Босқындарды интеграциялаудың көпірі

© UNHCR 2001-2025

  • Жазылу