Университетті тәмамдаған Абдул Вахаб пен Хома өз білімдері мен дағдыларын өздеріне пана болған Қазақстанда пайдаға жаратып, қоғамға үлес қосуды асыға күтті.
Ауғанстаннан келген жас жұбайлар Хома мен Абдул Вахаб үшін болашақ бір кездері жарқын көрінетін. Оқуды бітірген соң, Хома ірі ұлттық жобада сәулетші болып жұмыс істеді. Ал Абдул Вахаб Қазақстанда философия мен экономика мамандығы бойынша жоғары білім алып, кейін университетте оқытушы болу үшін Кабулға оралды.
Бірақ бәрін өзгерткен жарылыстар басталып кетті.
Үш ай бойы олар өз үйінің жертөлесінде тығылып, тек ұн мен сумен күн көрді. Жертөледен шығуға алғаш мүмкіндік туған сәтте-ақ, олар таксиге отырып, аман қалу үшін шекараға қарай бет алды.
Біршама уақыт Пәкістанда болғаннан кейін, жас отбасы Қазақстанға келді. «Қазақстанға келгенде, мен Кабулдағы соғыстың бүкіл азабы мен қорқынышынан кейін алғаш рет тыныштықты сезіндім», – дейді Абдул Вахаб. «Бізде тамағымыз болды, өзімізді қауіпсіз әрі жайлы сезіндік».
Кейін Қазақстан үкіметі Абдул Вахаб пен Хоманы босқын ретінде таныды.
Бұл оқиға… 30 жыл бұрын болған.
Абдул Вахаб 1990-жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. «Мен философия мен экономиканы оқыған себебім, ол өте беделді факультет болды», — дейді Абдул Вахаб. «Ең қызықты идея — материализм мен идеализм арасындағы бәсекелестік».
Материализм нақты әлемнің негізі — материя мен физикалық күштер деп тұжырымдайды, ал идеализм әлемнің негізі — ақыл, идеялар немесе сананың болуы деп санайды.
«Мен идеализмнен қарағанда материализмді таңдауды үйрендім», — деп жалғастырады Абдул Вахаб. «Тіпті Ауғанстанда да осы салада жақсы жұмыс таба алатын едім. Бірақ кейін Ауғанстанда революция болып, билікке идеалистер келді. Сол себепті біз Қазақстанға көшіп келдік».
«Мәселе мынада, материализм мен идеализм арасындағы күрес әлі де жалғасып жатыр — ешқайсысы да әлі жеңіске жеткен жоқ».
«Мен алғаш елге келгенде тілді мүлдем білмейтінмін», – дейді Хома. «Бірақ көршілерім, әсіресе қарт әйелдер мені үйіне қонаққа шақырып, әңгімелесіп, достасты. Солардың сөзін тыңдай жүріп, тілді үйреніп алдым».
2024 жылдың желтоқсанына қарай Қазақстанда 311 босқын бар, олардың 202-сі – Ауғанстаннан келген. Қазақстандағы босқындардың көбі елде жылдар бойы тұрып келеді – кейбіреулері, мысалы Хома мен Абдул Вахаб сияқты, ондаған жылдан бері осында. Олар қазақ және орыс тілдерінде сөйлеп, қоғамға интеграцияланғанымен, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және заңды түрде жұмыс істеу сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуде әлі де қиындықтарға тап болып жүр.
«Қазақстанда ең қиын нәрсе – бізге жұмыс істеуге рұқсат жоқ», – дейді Абдул Вахаб. «Тіпті жеке кәсіпкер ретінде де тіркеле алмаймыз», – дейді ол. Бұл мәртебе олардың өз кәсібін ашып, жұмыс істеуіне мүмкіндік берер еді.
«Қазақстанда ең қиын нәрсе – бізге жұмыс істеуге рұқсат жоқ», – дейді Абдул Вахаб.
Қазақстанда босқындар заң бойынша жұмыс істей алады бірақ заңдағы кемшіліктер, әлеуметтік қорғаудың (оның ішінде зейнетақының) жоқтығы, тек бір жылға берілген уақытша тұру рұқсаттары және жиі кездесетін кемсітушіліктердің әсерінен көпшілігі үшін заңды жұмыс істеу мүмкін емес.
Адамның өзі таңдаған және қабылдаған жұмысын жасап, өмір сүру мүмкіндігі – оның негізгі құқығы. Бұл адамның өзін, отбасын қамтамасыз етуі және өз қауымдастықтарының тұрақты дамуына үлес қосуы үшін өте маңызды.
«Біз болашағымыз үшін қатты алаңдаймыз, өйткені бұл жалдамалы пәтер, үй иесі кез келген уақытта “кетіңдер” деп айта алады», – дейді Абдул Вахаб. «Біздің өзіміздің пәтеріміз жоқ, зейнетақымыз да жоқ. Жас кезімізде бұл қиын болмады, бірақ қазір қартайып барамыз, енді бұрынғыдай белсенді емеспіз».
Заңды жұмысқа орналаса алмаған қарт ерлі-зайыптылар UNHCR мен оның серіктесі — Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамынан әлеуметтік көмекке тәуелді.
«Мысалы, мен қолшатыр сатамын», — дейді Абдул Вахаб. «Қараша мен наурыз аралығында жұмысым жоқ — себебі бұл жаңбырлы маусым емес. Әдетте біз қысқы маусымды аман өту үшін ақша жинауға тырысамыз. Егер Қызыл Жарты ай болмаса, осы қысты да өткере алмас едік».
Хома мен Абдул Вахаб сондай-ақ UNHCR серіктесі Fast Retailing Ltd/UNIQLO компаниясының сыйға тартқан қысқы киімдерін алды. 2006 жылдан бері Fast Retailing компаниясы UNHCR-мен бірлесіп гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржылық және қаржылық емес қолдаулар көрсетіп келеді, сонымен қатар әр түрлі елдерде босқындарға жұмыс орындарын ұсынуда.
UNHCR босқындарды қорғау және олар үшін жақсы болашақ құру жолында тұрақты шешімдер табуға Қазақстан Үкіметімен тығыз әріптестікте жұмыс істейді. 2023 жылғы Босқындар жөніндегі Жаһандық форумда Қазақстан босқындарға азаматтар мен елде тұрақты тұратын шетелдіктермен теңдей дәрежеде медициналық көмекке, жұмысқа орналасуға, білім алуға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізуге мүмкіндік беруге міндеттеме берді.
Абдул Вахаб пен Хома – жоғары оқу орнын бітірген, өмірге белсенді және мақсатпен қарайтын жұп болатын. Өкінішке қарай, оларды Ауғанстаннан кетуге мәжбүр еткен – елдегі зорлық-зомбылық, қақтығыстар мен адам құқықтарының бұзылуы. Осыдан отыз жыл бұрын Қазақстан олар үшін үміт сыйлаған ел болды – бұл жерде олар жаңа өмір бастап, өздеріне қорғау берген қоғамға үлес қосуға дайын еді.
«Бұл — менің өмірім, менің тарихым», – дейді Абдул Вахаб. «Бұл – шынайы оқиға және біз – шынайы адамдармыз. Мен бұған ұялмаймын. Босқын мәртебесі – бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде жиі кездесетін жағдай».
«Бұл — менің өмірім, менің тарихым», – дейді Абдул Вахаб. «Бұл – шынайы оқиға және біз – шынайы адамдармыз. Мен бұған ұялмаймын. Босқын мәртебесі – бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде жиі кездесетін жағдай».
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу