Жалпы ақпарат
Жалпы ақпарат
UNHCR, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі агенттігі, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тапсырмасы бойынша мәжбүрлі қоныс аударған және азаматтығы жоқ тұлғаларды қорғау мен тұрақты шешімдерді табуға қолдау көрсететін халықаралық ұйым.UNHCR қақтығыстардан немесе қуғын-сүргіннен қашқан адамдарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды қорғау бойынша халықаралық ат салысуда жетекші рөл атқарады.
Біз өз елінде зорлық-зомбылықтан, қуғын-сүргіннен, соғыстан немесе табиғи апаттардан қашуға мәжбүр болған әрбір адамның басқа елде пана іздеуге және пана табуға құқығы болуын қамтамасыз ету үшін үкіметтермен, серіктестермен және қауымдастықтармен бірге жұмыс істейміз.
Ресми түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасы ретінде белгілі, UNHCR 1950 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеяның бұйрығымен құрылған.
Бүгінгі таңда 108,4 миллионнан астам адамды қорғау және көмек көрсету мақсатында 137 ел мен аумақтарда UNHCR-дің 19 000-нан астам қызметкерлері жұмыс істейді.